1,836 posts

3 people reacted
222 views
Post deleted
3 people reacted
88 views
Қарындасым!

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Жүрегің тек-Аллаһ деп дамылдасын.
Ар-ұятты әрқашан биікке қой,
Пәктігіңе қара дақ жағылмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Сұлулықтан иманың болсын басым.
Аллаһқа құл, адамға сыйлы ару бол,
Есімің жамандықпен танылмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Сөздерің туралыққа бағытталсын.
Тіл мен жағың ғайбатты айтып емес,
Аллаһты ұлықтаудан жалықпасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Күнә екенін білгейсің ысыраптың.
Қызыл-жасыл қызықпа дүниеге,
Ібіліс іргеңнен кеп азғырмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Кезгің келсе егерде жәннат бағын-
Исламның бес шартын мықтап ұста,
Бірін де тастамастан парыздардың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,Show more
Аяулы ата-анаңа қарыздарсың.
Сен үшін ұялмасын асыл әкең,
Сен үшін жыламасын жан анашың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Алдынан кесіп өтпе қарт жандардың.
Үлкендерді құрметте ізетпенен,
"Көргенсіздің қызы"- деп қарғамасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Бояу жақпа, қастарың жұлынбасын.
Қияметте сәл ғана күнәң үшің,
Есімің "тозақтық"-деп жазылмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Аллаһ тыйған әуретің ашылмасын.
Налыма:"Барлық қыздар ашық жүр"-деп,
Олар басқа, сен тіптен басқа жансың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Өне бойың Құранмен сусындасын.
Сыртқа шықсаң түзеткін жүрісіңді,
Ниеті жамандарды таң қылмасын

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Тап-таза пейіліңе шаң жұқпасын.
Ел мен жұртқа көрсетпе кіндігіңді,
Аналық бақытыңнан айрыласың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Иманың нәпсіге тез алынбасын.
Бөтен еркек бетіңнен сүймек түгілі,
Жақын келіп қолыңнан ұстамасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Ақкөңіл бол, ниетің тарылмасын.
Некесіз жақындаспа еш еркекпен,
Бір түнің бүт өмірді қорламасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Бергеніне разы бол Жаратқанның.
Пайғамбарға ( ﷺ ) көбірек салауат айт,
Қияметте көргің келсе шапағатын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Ақыл айттым түсініп, ұғынарсың.
Өтінерім өзіңнен бір-ақ нәрсе,
"Қатты айттың"-деп ағаңа тақпашы мін.
Бақытты бол аяулы қарындасым!

Албаров Мадияр.
0 people reacted
261 views
1 Sep 2018
Post deleted
2 people reacted
50 views