Ат-тахияттың астарына не бар екенін білесіз бе?
Шын мәнінде ат-тахият күнделікті намазымызда оқитын дұға. Мұның қандай маң
Show moreызды екенін білгенімде, жүрегім елжіреп кетті.
Расында, ат-тахият Жаратушымыз Алла Тағала мен cүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаху алейхи уа саллям) Мираж түнінде болған сұхбатының бір бөлшегі.
Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) Алла Тағаламен жүздескенде «ассаләму әлейкум» демеді. Адам баласы Жаратушысын көргенде қалай амандаса алады? Жақсылық-нығметтердің жəне игіліктердің баршасының Иесіне қалайша сәлем бересің?
Пайғамбарымыз сонда былай депті:
«Әттахиәту Лиллаһи уә саләуәту уа таиибату» (Барлық мақтау, барлық намаздар мен құлшылық тек Алла үшін)
Алла Тағала:
«Ассаләму әляйка аюханнабию уа рахматуллахи уа баракятуху» (Сәлем саған, О пайғамбар және Алланың мейірімі мен игілігі болсын)
Осыған Пайғамбар (саллаллаху алейхи уа саллям) жауап ретінде:
«Ассаләму әләйнә уа алә ибадиллахис саалихиин» (Бізге және Алланың барша жақсы құлдарына сәлем болсын)
Алла Тағала мен Пайғамбарымыздың осы сұхбатын естіген періштелер:
«Ашхадуун лә илахайллаллаху уа ашхаду әннә Мухаммадун Абдуху уа расулуһ»
(Алладан өзге құлшылық етуге лайықты Құдай жоқ және Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін)
СубханАлла!
Күнделікті намазымдағы осы бір теңдесі жоқ сұхбат үзіндісінің сұлулығына тамсана отырып, оның қандай маңызды екенін бар жүрегіммен сезіндім.
Жаратушы Иеміз құлшылықтарымызды қабыл етсін.(с)🌿